Доллар қымбаттап жатыр

Доллар қымбаттап жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сатып алу 468,44 теңге болса, сатылым 470,91 теңгеге тең.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

KASE мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,10 теңгеге көтеріліп, 468,05 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 9 қарашадағы  ресми бағамы бір долларға - 466,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 468,44 теңгеге, сатылымы 470,91 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,78 теңгеден сатып алынып, 471,84 теңгеден сатылып жатыр.