Димаш Гонконгта ән шырқайды

Димаш Гонконгта ән шырқайды
Сурет: интернеттен

Жақында билеттер сатыла бастайды.

Димаш Құдайберген желтоқсанда Гонконгта жеке ән кешін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осыған байланысты ол жанкүйерлеріне хабарлама жасады.

Әнші, музыкант, артист Гонконгта 7 жылдан кейін жеке ән кешін өткізетінін айтты. Димаш осыдан 7 жыл бұрын алғаш рет Қытайға аяқ басқанын еске салды. Ол қазақ халқы үшін жеті саны киелі есептелетінін де жанкүйерлеріне құлаққағыс етті.

"Dears! 23 желтоқсан күні менің Гонконгтағы жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын! Бұл – ерекше күн. Өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын, мен Қытайға алғаш рет аяқ басқан едім. Содан кейін сіздермен шығармашылық жолымның қызық сәттері басталды! 7 саны қазақ халқы үшін ерекше. Сондықтан осы мерейтойда сіздермен Гонконгта STRANGER концерт турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын! Жақында билеттер сатыла бастайды", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында.