Әскери музейде ақылы түрде қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілмек

Әскери музейде ақылы түрде қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілмек
Сурет: Qazaqstan.tv

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілеті қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қағидалардың 4-тармағына өзгерістер енгізілді. Енді ол келесі редакцияда жазылды: «Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептелетін ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуын есепке алу үшін «Бюджет және оның кассалық қызметін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қағидалар ережелерінің қайталануын жою мақсатында олардан 7-тармақ алынып тасталды. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 20 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14784092 сілтеме бойынша танысуға болады.