Жасөспірімді зорлаған айуан тауда тұзақталды

Жасөспірімді зорлаған айуан тауда тұзақталды
Сурет: криминалды Казахстан телеграм каналы

Жетісу өңірінде жасөспірімді зорлады деген күдікті тауда ұсталды

Бүгін таулы аймақта шекарашылар кәмелетке толмаған оқушы қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасады деген күдікпен облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Айта кетерлігі, Жетісу облысында мұғалім оқушыны зорлады деген күдікке ілінген болатын. Сөйтіп, оған 7 қарашадан бастап іздеу жарияланған болатын. 

Сарқанд ауданына қарасты мектептерінің бірінде 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен Сарқанд қаласының 35 жастағы тұрғынына іздеу жарияланған болатын. Күдікті 10 жыл бойы математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Қылмыскер оқушының жездесі екені белгілі болды. Қылмыс қаладағы қонақ үйлердің бірінде орын алған. Қонақ үй әкімшісі бөлмелердің бірінен көмек сұрап шақырған дауысты естіп жүгіріп келіп, қызды босатып алады. Артынша болған жайды баяндап полицияға хабарласқан. Алайда қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыскердің көлігін көп ұзамай Сарқанд қаласының маңындағы тау етегінен тапқан.

Ұсталған күдікті полицияға тапсырылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.