Доллар бүгін тағы да қымбаттады

Доллар бүгін тағы да қымбаттады
Сурет: Liter.kz

Мұнай құны да сәл көтерілді.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге өсіп, 452,97 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,54 теңге (+0,63) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 489,75 теңге, рубль бағамын 5,46 теңге деп белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 450-454 теңгеден, еуро 495-500 теңгеден, ресей рублі 5,45-5,7 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.

Мұнай бағасы сәл көтерілді. Маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,07%, барреліне 85,67 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы да 0,07%-ға өсіп, 81,59 доллар болды.