Доллар бағамы 3 теңгеге арзандады

Доллар бағамы 3 теңгеге арзандады
azh.kz

Қазақстанға қолма-қол валюта жеткізу қалыпқа келтіріле бастады.

"Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келуде, қаражаттың алғашқы легі келіп түсті", - деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов. Бұл жөнінде Аlmaty-akshamy.kz хабарлады.

«Қазір сатып алдық, алғашқы партия келіп жетті, сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады. Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша «қауіпсіздік жастықшасы» болу үшін жасаймыз, егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпей қалса, береміз», – деп Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін, Қазақстанның Ұлттық банкі Федералдық резервтік жүйе – АҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлады.