Зульфия Байсакова: Президент тапсырмасы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуге ықпал ететініне сенімдімін

Зульфия Байсакова: Президент тапсырмасы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуге ықпал ететініне сенімдімін Сурет: Facebook.com

Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуді тапсырды.


«Дағдарыс орталықтары одағының» басқарма төрайымы Зульфия Байсакова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған мәселелер туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгін ел Президенті Тоқаев мырза өз Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» дамытудың бағыт-бағдарын нақты айқындап берді. Қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және Қазақстандағы қылмыс фактісі үшін қылмыстық жазалау нормасын насихаттауға бағытталған Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрайымы ретінде  отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы және агрессорлармен жұмыстың міндетті психо-әлеуметтік түзету бағдарламасын ұйымдастырышы ретінде маған Мемлекет басшысының саяси реформалар жарияланғаннан кейін бірден тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту туралы тапсырма бергені ұнады.



«Бүгінгі күні азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту қажеттігі туралы жиі айта бастады. Бас прокуратураға бұл мәселені жан-жақты зерттеп, мәселені шешуді тапсырамын».



Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау саласында бірқатар реформаларға қол жеткізілгенін атап өткім келеді: 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды; 2016 жылы әзірленген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары; зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтендіру және оңалту үшін дамыған инфрақұрылым (35-тен астам дағдарыс орталықтары, оның ішінде 12 баспана); Әрбір ауданда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция инспекторы бар. Бірақ, соған қарамастан, қылмыстың бұл түрі үшін жазаны қатайтып, агрессорлардың өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін қалыптастыру қажет.



Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Мені, ең алдымен, халықтың болашағы қандай болатыны алаңдатады».


«Мемлекет басшысының тапсырмасы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Зульфия Байсакова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38