Алматының мониторингтік топтары бір аптада 124 заң бұзушылықты анықтады

Алматыдағы «Weekend Vibes», «Восточный двор», «Chechil Pub» кафелері және «JAM» бары карантин талаптарын орындамай жұмыс істеген.

Алматыда екі күн ішінде мейрамхана, кафе, бар, сұлулық салоны, компьютерлік клубтар мен дүкендердің 25 иесіне айыппұл салынды. Мегаполисте мониторингтік топтардың карантиндік тексерулері жалғасуда. Мысалы, 16 және 17 тамызда Бостандық пен Әуезов аудандарындағы екі мекеме карантин талаптарын бұзған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Тәртіп сақшыларының мәліметтері бойынша, 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні белгіленген шектеулердің 13 заң бұзушылығы анықталды. Құқық бұзушылардың қатарында Бостандық ауданындағы «Weekend Vibes» кафесі бар, онда шамамен 22.50 сағатта, яғни карантин кезінде рұқсат етілген жұмыс уақытынан кейін кафеде 40 адам болған.

Шамамен осы уақытта тексерушілер «Восточный двор» кафесінде де заң бұзушылықты тіркеді, онда 40-қа жуық адам  болды. Келесі күні тексерулер жалғасып, 17 тамызда Бостандық ауданында шамамен 23.28 сағатта «JAM» барында жұмыс режимінің бұзылуы тіркелді. Тексерушілердің мобильді тобы келгенде бар ішінде 40-қа жуық адам болған. Сол күні кешкі сағат 22.43 шамасында шағынауданда «Chechil Pub» кафесі карантин талаптарын бұзып 50 адамға қызмет көрсеткен.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің талаптарын орындамағаны үшін бұл мекемелердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Эпидемиологтардың айтуынша, жасырын кештерде, жабық жерлерде уақыт өткізу арқылы қала тұрғындары өздеріне және айналасындағыларға  қауіп төндіреді. Айта кетерлігі, мекемелерде мұндай заңсыздықтарға дер кезінде тойтарыс беріледі. Мысалы, өткен аптада мониторингтік топтар 1000-ға жуық нысанды тексеріп, 124 бұзушылықты анықтады.

Еске салсақ, Алматыда қою қызыл аймаққа шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Сонымен қатар, қала қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын бақылауды жалғастыруда. Айдың басынан бері автокөлік компанияларының бақылау топтары мыңнан астам автобусты тексеріп, ондаған тәртіп бұзушыларды анықтады.

17 тамызда қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша алаңнан тыс шара ұйымдастырылды. Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 105 автобуста жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша 17 жолаушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.  Инспекторлар автобус жолаушыларын бетперде киюге көндіреді, себебі бұл инфекция қаупін азайтады. Назар аударыңыз, алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекцияның негізгі бес жерінің бірі болып табылады және 17,6% жағдайды құрайды.

Сонымен қатар, қалада «симптоматикалық» науқастардың үлесі 94%-ға дейін өсті.

Тексерушілер автобус жолаушыларына бетперде тағу міндетті екенін, бұл инфекция қаупін азайтатынын түсіндіруде. Айта кетерлігі, алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекция жұқтырудың  негізгі бес орнының бірі болып табылады және жұқтыру мұнда 17,6%-ды құрайды.