Алматыда тағы бір аллея пайда болды

Алматыда тағы бір аллея пайда болды
Сурет: Almaty.tv

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына қарсы қаржы институты барлық өңірде өз аллеясын отырғызуды қолға алмақ.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматыда тағы бір аллея пайда болды. Еліміздегі банктердің бірінің құрылғанына 180 жыл толуына орай қаржы ұйымы қызметкерлері мен қоғамдық қор еріктілері Алатау ауданында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Almaty.tv сайты хабарлағандай, мерейтойға қарсы қаржы институты барлық өңірде өзінің аллеясын отырғызуды қолға алмақ.

«2020 жылы "Жұмыспен қамту" жол картасы аясында осы аллея ашылған болатын. Жасыл экономика басқармасының «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында 6 мың қарағай отырғызылды. Сондай-ақ табиғатты пайдалану «ЭКО Алматы активистері» аясында әрқашан еріктілердің және жастардың көмегімен ағаштар отырғызылып тұрмақ», – деді Алатау ауданының абаттандыру бөлімінің басшысы Еділжан Нарматов.

«Ағаш отырғызу науқанын бастадық. 30 қарағай ағашын отырғыздық. Бастама әлі де жалғасын табады. Жыл соңына дейін 1500 қарағай ағашын отырғызуды көздеп отырмыз. Бұл үлкен іс деп ойлаймын. Әкімдіктің қолдауымен "Жасыл Алматы" статусын жаңғыртуға ат салысып жатырмыз», – деді «Kaz Eco Patrol» республикалық экологиялық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов.