Данияр Елеусіновтің қолғабы сатылады

Данияр Елеусіновтің қолғабы сатылады
Сурет: Bassport.kz

Боксшы бұл қолғабымен 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының чемпионы атанған.

Данияр Елеусінов Палестинаға көмек үшін өзінің бокс қолғабын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осылайша, ол «Газа халқына қол ұшымды созсам» дейді.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Рио төрінде жеңіске жеткен қолғабымды аукционға қоймақшымын. Одан түскен ақшаны жазықсыз жапа шегіп жатқан Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде беремін», -дейді Данияр Елеусінов.

Осы аптаның соңында онлайн аукцион ұйымдастырылады.