Covid-19: әлем жаңалықтары

Covid-19: әлем жаңалықтары
Сурет: РИА Новости

Қазақстан жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасын қолдануды мақұлдады.

Ұлыбритания ертеңнен бастап міндетті түрде оқшаулау тәртібі күшін жояды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Ұлыбританияда 24 ақпаннан бастап ковидке арналған сынақтың оң нәтижесі белгілі болған жағдайда міндетті түрде оқшаулау тәртібі күшін жояды. Сонымен қатар, 1 сәуірден бастап билік коронавирусқа арналған тегін сынақтардан бас тартады. Сондай-ақ, Премьер-Министр Джонсон «қалыпты жағдайға оралу» - халықты вакцинациялау науқанынсыз мүмкін емес деп мәлімдеді.

Грузияда 1 наурыздан бастап пандемияға байланысты 2020 жылдан бастап жұмыс істейтін карантиндік кеңістіктер жабылады. Бұл - коронавирус жұқтырған адамдар орналастырылған қонақ үйлер. Сонымен бірге, республика билігі қоғамдық орындарға келушілердің міндетті термоскринингін, сондай-ақ дезкедергілерді жою туралы шешім қабылдады.

Қазақстан жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы «Спутник М» вакцинасын қолдануды мақұлдады. Қазақстан осы препаратты қолдануды мақұлдаған алғашқы шет мемлекет болды. «Спутник М» вакцинасы 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған. Оның «Спутник V» - ден айырмашылығы - аденовирустық бөлшектердің концентрациясының бес есе төмендігі.