Қытай орбитаға тағы бір спутникті сәтті ұшырды

Қытай орбитаға тағы бір спутникті сәтті ұшырды
Сурет: Ixbt.com

Қытай биылғы жылы 60-тан астам рет зымыран ұшырады.

Қытай бейсенбіде ұшырылған Shiyan-10−02 эксперименттік спутнигін орбитаға сәтті шығарды.  Бұл туралы Қытайдың аэроғарыштық ғылым және технологиялар корпорациясы хабарлайды, деп жазады Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер серігі бар CZ-3B ("Чанчжэн-3-бэ") зымыранының ұшырылуы елдің оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 12.43-те (Астана уақытымен 10.43) жүзеге асырылды.

Ғарыш аппаратының орбитаға шығуы осы жылы ҚХР үшін соңғы болды, барлығы корпорация әзірлеген тасымалдаушылардың 54 ұшырылымы жүзеге асырылды. Олардың барлығы сәтті өтті. Жалпы, Қытай биылғы жылы 60-тан астам рет зымыран ұшырып, былтырғы рекордын жаңартты.

Shiyan-10 жаңа технологияларды орбитада сынау үшін пайдалануға жоспарланған.