Әйелін қызғанып атып өлтірді

Әйелін қызғанып атып өлтірді
Cурет: Ашық дереккөз

Үш бала анасыз қалды

Түркістан облысында ер адам әйелін бұрынғы күйеуінен қызғанып, атып тастаған, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.  

Басылым мәліметінше, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарған.

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Сотта ол әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Алайда 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.

Ер адам 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген.