Бішкекте «Abai Uii» ашылды

Бішкекте «Abai Uii» ашылды
Сурет: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

«Abai Uіi» жұмысының негізгі қағидаты – шетелдегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарын бірыңғай желіге біріктіру.

2021 жылғы 7 қазанда «Отандастар қоры» КЕАҚ Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасының базасында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қырғызстанда тұратын отандастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Абыкаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Мақпал Тәжмағамбетова және қазақтар қауымдастығының төрайымы Гүлшат Асылбаева, Қырғызстанның қазақ қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті.

«Abai Uіi» МІҮ жұмысының негізгі қағидаты шетелдегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарын бірыңғай желіге біріктіру, ұлттың мәдени мұрасын насихаттау, шетелдік қазақтармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту, қазақстандық бизнесті шетелде ілгерілету, тарихи Отанына көшуге ниет білдірген отандастарды репатриациялауға дайындау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады