«Бұл сайлауда әрбір азаматтың дауысы маңызды»

«Бұл сайлауда әрбір азаматтың дауысы маңызды»
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Қазақстанның Азаматтық Альянсының төрағасы дауыс берді. 

Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, Қоғамдық кеңестің мүшесі Қайыржан Әбдіхалықов отбасымен бірге Медеу ауданының сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. 

«Бұл сайлауда әрбір азаматтың дауысы маңызды. Біз жаңа Әділетті Қазақстанға жол тарттық. Азаматтарымыздың бірлігі маңызды. Бүгін дауыс беру арқылы біз балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағын таңдаймыз. Сондықтан әр сайлаушы өзінің дауыс беру учаскесіне барып, таңдауын жасауға тиіс»,- деді Қайыржан Әбдіхалықов.

Ол әділ және демократиялық заңдар қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталады деп есептейді, сондай-ақ ол жұртшылықты  ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды.