Бүгінгі саудада доллар бағамы өсті

Бүгінгі саудада доллар бағамы өсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 1,65 теңгеге қымбаттап, 471,87 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,42 теңгені (-0,0091) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 496,78 теңге, рубльді 5,04 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 472,9-475,7 теңгеге, еуро 498,5-502,5 теңгеге, ресей рублі 4,89-5,07 теңгеге сатылуда.