Бүгін республика бойынша ауа райы күрт нашарлайды

Бүгін республика бойынша ауа райы күрт нашарлайды
Сурет: Astanatv.kz

"Қазгидромет" РМК мамандары 16 ақпан күнгі ауа райын болжады. 

Болжамға сай, республика бойынша ауа райының нашарлауы күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазақстанның оңтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, республиканың шығысында түнде қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей жерлерде жауын-шашын, қар, боран күтіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.