Бүгін еліміздің бірқатар аймағында мобильді интернет істен шықты

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында мобильді интернет істен шықты
Сурет: Dauletten.kz

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында мобильді интернет істен шығып, тұрғындардың наразылығын тудырды.

Шағым - Kcell/Activ ұялы байланыс операторына қатысты. Әлеуметтік желі қолданушылары проблеманың әсіресе Астана мен Қарағандыда болғанын жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Компанияның баспасөз қызметі ақау болғанын растады, қазір Kcell/Activ жұмысы қалпына келді деп хабарлады. Техникалық ақаудан зардап шеккен абоненттерге бонустық интернет-трафик беріледі.