Сенат ТМД аясында авторлық құқықты сақтауға қатысты құжатты мақұлдады

Сенат ТМД аясында авторлық құқықты сақтауға қатысты құжатты мақұлдады
Сурет: Ашық дереккөз

Авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау

Ел Сенаты Достастыққа мүше мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау және қорғау ынтымақтастығына қатысты келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Jibek joly телеарнасына сілтеме жасап. 

Құжат интернетте осы бағытта құқықтардың бұзылуына қарсы іс-қимыл тетіктерін құру жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, іске асыруға бағытталған. Яғни, қатысушы елдер халықаралық деңгейде осы ортақ мәселені реттеудің оңтайлы нұсқаларын бірлесіп іздейтін болады.

Айта кетейік, былтыр ТМД-ның сегіз мемлекеті осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Қазіргі таңда бұған қатысты мемлекетішілік рәсімдерді Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыз, және Өзбекстан елдері өткізіп қойған.

«Мемлекетіміздің заңнамасын басшылыққа ала отырып, келісімді іске асыруды қамтамасыз ету барысында: заңнаманы жетілдіру; қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтасты тереңдету және ақпарат алмасу; аталған саладағы заңсыздықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; осы тақырып бойынша семинар, конференция және бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытады», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутты Амангелді Толамисов.