Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді
Сурет: ашық дерекөз

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 27 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

«Жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Қалған аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады», — деп жазды ведомстводан