Алматыда кезекті қаламаңы маршруты іске қосылады

Алматыда кезекті қаламаңы маршруты іске қосылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қала маңындағы қоғамдық көлік қызметін дамыту мақсатында Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 26 қарашадан бастап №216 жаңа қаламаңы маршрутын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус жүретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында Басқарма 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 7 маршрут іске қосылды, қалған 2 маршрут әзірленуде.

Бұдан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа маршруттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.