«Хайуандар әлеміне жоқ де»

«Хайуандар әлеміне жоқ де» Сурет: интернеттен

Алматыда осы атаумен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті.


Алматыда "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының ұйымдастыруымен "Хайуандар әлеміне жоқ де" атты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рұқсат етілген митинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгін "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы саябаққа 500-ге жуық адам жиналды. Митингке қатысушылардың барлығына кіреберісте арнайы сары-күлгін мойын орағыштар таратылды.


"Жаңа адамдар" қозғалысының жетекшісі Әсел Бәденова тілшімізге бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұрап бірнеше рет өтініш бергенін айтты.



"Біздің митингтің басты тақырыбы – "Хайуандар әлеміне жоқ де". Біз бұл тқжырымдаманы әдейі таңдадық, өйткені біреуді өлтіріп, оған қол көтеретін адамдар жануарлар сияқты, түйсікпен ойлайды. Бірақ бұл жануарлардың тікелей қатысты емес. Түйсікпен ойлайтын адамдардың хайуаннан айырмашылығы жоқ екенін айтып отырмыз. Бірақ адамдар көбірек ойланып, бір-бірін сыйлауы керек, өйткені бізді хайуаннан ерекшелендіретін де осы", – дейді Әсел Бәденова.




Ол бүгін митингке қатысушылар талап қою үшін емес, қоғамның назарын тағы бір рет тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару үшін келгенін атап өтті.



"Біз бұл жерде ештеңе талап етіп отырған жоқпыз. Біз адамдарды өзінен бастау керек екені, зорлық-зомбылық тарихына нүкте қоюя керек екені жөнінде ойлануға шақырамыз. Өзіміз өзгере бастағанда, біз бір-бірімізді құрметтей бастаймыз", – деді ол.



Митингіге марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де қатысты. Ол сахнаға қайтыс болған қарындасының суретін ала шықты.



"Бұл – менің қарындасым Салтанат. Соңғы екі аптада біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Мен қаншама қайғыны, қорқынышты көрдім, қазір қиын жағдайда жүрген қаншама қыздың әңгімесін тыңдадым. Басымыздағы қайғы-қасіретті ешқашан ұмыта алмаймын. Өкінішке өарай, біздің әлем осындай. Сондықтан өз қолымызға алуымыз керек, жаңа заңдарды қалыптастыруда қоғам мен халықты бақылауға алуымыз керек. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылық қарсы күрес тұрғысынан", – деді Айтбек Амангелді.



Оның айтуынша, ең алдымен әркім өзінен бастауы керек – тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы ашық айтуы, көмек сұрауы керек. "Бәріміз үнсіз отырсақ, ештеңе өзгермейді".



"Кешке қарай қаланы аралап жүріп, үйлерді қарап, қазір қанша пәтерде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық болып жатқанын елестетемін, бірақ біз оны білмейміз. Көбіне біле тұра, жай ғана өтіп кетеміз. Әр кез мұқтаж жандарға көмектеспеу арқылы біз жанымыздың бір бөлігінен айырылып қаламыз", – деді ол.



"Отбасыммен бұл жолды өзіміз таңдаған жоқпыз. Біз көп нәрседен айырылдық, қайғы-қасірет шектік. Ең бастысы, бұл күйде біздің басымыздан өтіп жатқан жайтты ешкім ешқашан сезінбесе екен дейміз. Бір-бірімізді жерге қаратпай, көмектесейік", - деп түйіндеді сөзін Айбек Амангелді.


Митинг соңында қатысушылар тордағы манекендерге белгілі тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жазылған плакаттарды іліп қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04