Бостандық ауданында ағымдағы жылы үш мектепке 1 625 орындық жапсаржай салынды

Бостандық ауданында ағымдағы жылы үш мектепке 1 625 орындық жапсаржай салынды
Сурет: Aqmolanews.kz

Жыл басынан бері 778 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды

Алматының Бостандық ауданында білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мысалы, осы жылдың сәуір айында «Атамекен» ТҮК №17 қалалық емханасы жанынан жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл «Жаңа Алматы» кешенді жоспарының стратегияларының бірі – инфрақұрылыммен тығыз байланыста жаңа нысандар салу аясында жүзеге асырылды. Осылайша жаңа қоныстанушылар пәтерлерімен бірге қадамдық қолжетімді жерде орналасқан әлеуметтік нысандарды да қоса алды. 

Қазіргі кезде «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесі корпусының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстарды 2022 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда. 
 
Білім беру объектілерін дамыту да басымдыққа ие. Қазіргі кезде, аудан әкімінің мәліметінше, 34 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, жыл басында тапшылық 3 750 оқушы орнын құрады. 
 
Бұл мәселені шешу үшін №38, 60, 199 мектептерге 1 625 орындық жапсаржай пайдалануға берілді. Сонымен қатар 300 оқушыға арналған №191 мектептің жапсаржай құрылысы аяқтала келді. 
 
Биыл жазда №146 лицей ғимаратына 300 оқушы орындық қосалқы нысанның құрылысы басталды. Сондай-ақ, №65 мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу жоспарлануда. 
 
№81 мектеп-гимназиясы мен №40, 45 мектептерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарымен сейсмикалық нығайту жүргізілді. Тамыз айында "Орбита-3" шағынауданындағы №145 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары арқылы сейсмикалық күшейтуге кірісті. 
 
№21 гимназия аумағында 120 орындық жаңа балабақша құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, №71 балабақшаны күрделі жөндеу аяқталды. Навои көшесіндегі №133 балабақшада жөндеу жұмыстары басталды. Жыл басынан бері 778 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды.