Бостандық ауданында бірқатар спорттық нысандар ашылды

Бостандық ауданында бірқатар спорттық нысандар ашылды
Сурет: Dekorator-s.r

Бостандық ауданында 2021 жылы теннис орталығы, шаңғы трамплиндері мен спорт кешендері салынды

Пандемияға қарамастан, Алматының Бостандық ауданында жаңа спорт ғимараттарының құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

«Біз бұқаралық спортты дамытудамыз, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында спорттық инфрақұрылымды бюджет есебінен де, инвесторлар есебінен де нығайтуды жалғастырудамыз. Биыл жыл бойы жұмыс істейтін «Жандосым» теннис орталығының құрылысы аяқталды. Орталық тәулігіне 200 адам қабылдай алады», - деді Алтай Рахымбетов.

Аудан әкімі «Сұңқар»шаңғы трамплиндерінің екінші кезегінің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Онда 580 орындық мінбері бар әмбебап зал, жабық жүзу бассейні мен қонақ үй кешені орналасатын болады. Тәулігіне 940 адамды қабылдай алады.

Champion жеке қорының қолдауымен заманауи MyWin спорт кешенінің құрылысы басталды, онда әмбебап зал мен бассейн орналасады. Аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

А. Рахымбетов алматылықтардың спортты сүйетінін, бұл сүйіспеншіліктің мектеп қабырғасынан қалыптасатынын атап өтті. Мысалы, ауданның мектептерінде, ЖОО мен колледждерде 400-ге жуық тегін секция жұмыс істейді, онда  20 мыңнан астам оқушылар мен студенттер жаттығады. Сонымен қатар, 15 спорт алаңында футбол, баскетбол, воркаут және теннис бойынша тегін жаттығулар өткізіледі.