Студенттерге арналған бірыңғай білім шоты пайда болады

Студенттерге арналған бірыңғай білім шоты пайда болады
сурет: almaty.tv

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Келешек» бірыңғай білім шотын ашуды жоспарлауда.

2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны 10 пайызға көбейеді. Нәтижесінде тестілеуден сүрінбеген 100 мыңнан астам абитуриент тегін жоғарғы білім ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бірақ алдағы екі жыл ішінде студенттер саны 1 миллионға жетеді деген болжамды ескерсек, грант санын бұлайша көбейту теңізге тамшы құйғанмен тең.

Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігі «Келешек» бірыңғай білім шотын ашуды жоспарлауда.

Ата-аналар баласы мектеп табалдырыған аттаған уақыттан бастап шотқа ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем салып отырады. Грантқа ілікпеген жағдайда, талапкер жиналған қаржыға оқи алады. 

«Барған сайын жоғары білімнің қолжетімділігі төмендеп барады. Грант санын өсіру мәселені шешпейді. Сондықтан ел азаматтары өз үлесін қоса алатындай бірыңғай жинақ жүйесін жасамақпыз. Ата-ана ерікті түрде баласының шотына төлем аударып отырады, жалақысынан ұсталуы мүмкін. Ал мемлекеттен сыйақы бөлінеді. Қазір қажетті есептеулерді жүргізіп, Үкіметке ұсынбақпыз. Мақұлданса, алдағы 18 жыл бойына мемлекеттік бюджеттен 15 триллион теңгені үнемдеп қаламыз», - дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.