Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін төрт боксшымыз бақ сынайды

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін төрт боксшымыз бақ сынайды
Сурет: Ашық дереккөзі

Құрлықтық дода 1 қарашада жалауын көтерді

Иордания астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, құрлықтық дода 1 қарашада жалауын көтерді. Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан ешкім шаршы алаңға шыққан жоқ.

2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды.

Алдымен 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Спарш Кумармен қолғап түйістірсе, 57 келіде Серік Теміржанов түрікменстандық Ихлаз Гылычжановпен кездеседі.

Бұл күнгі тағы бір жекпе-жек 63,5 келіде Санатәли Төлтаев пен өзбекстандық Руслан Абдуллаев арасында өтеді.

Ал қыздар арасында 50 келіде Назым Қызайбай таиландтық Раксат Чутхаматпен айқасады.
Жалпы құрлықтық додада ерлер – 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.

Қазақстанның ерлер құрамасы сапында кімдер ойын көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ел намысын қорғайтын ҚР әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.

Азия чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады.