Бірнеше ауыл атауы қазақшаланды

Бірнеше ауыл атауы қазақшаланды
Сурет: ашық дереккөз

Жергілікті депутаттар көтерілген бастамаға бірауыздан дауыс берген.

Павлодар облысы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясында кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Сонымен, Ленинский ауылының атауы өзгеретін болды. Ауылдың жаңа атауы – Атамекен. Ал Озерное ауылдық округі мен Озерное ауылынаМайлы жаңа атауы бекітілді.

Сондай-ақ: Федоров ауданы және облыс орталығы – Томарлы; Бобровский ауылдық округі – Жаңабет; Вернен ауданы және Львовка ауылы – Алтай; Воскресен ауылдық округі мен Воскресенка – Әулиеағаш; Березовка – Аққайың; Трофимовка – Қоржынкөл деп аталмақ.