Бірқатар зерттеу институттарының EXIT POLL нәтижелері жарияланды

Бірқатар зерттеу институттарының EXIT POLL нәтижелері жарияланды
Cурет: Inform.kz

Кеше, 2022 жылғы 5 маусым, жексенбі күні Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша республикалық референдум өткені белгілі.

2022 жылғы 5 маусымда –  дауыс беру күні  "АҚШАМ-АҚПАРАТ"  Орталық референдум комиссиясының мәліметтеріне сүйеніп,  күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпараттарды "Алматы ақшамы" газетінің сайтында  жариялап  отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелерінің дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Референдум  бюллетенінде бір ғана сұрақ болды: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша республикалық референдумда "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының, "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының, "Демократия институтының" exit poll нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды "АҚШАМ-АҚПАРАТ".

"СОЦИС-А" КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ:

• 76,7 % адам "жақтап"  дауыс берді;
• 23,3% адам  "қарсы" дауыс берді;
• Референдумға қатысқан адамдар саны  67,5%-ды құрады.
• 

"ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР" ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ EXIT POLL МӘЛІМЕТТЕРІ:

• Референдумға қатысқандардың  74,8% -ы  "жақтап" дауыс берді;
• "Қарсы" дауыс бергендер - 25,2%;
• Референдумға қатысқан адамдар саны   70,1% - ды құрады.

"ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ" EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ:

• "Жақтап" дауыс бергендер 79,4%;
• Қатысушылардың 20,6% - ы" қарсы " дауыс берді;
• Референдумға қатысқан адамдар саны   66,3% құрады.

Орталық референдум комиссиясының алдын-ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы 5 маусымда, сағат кешкі 22.00-де 8 миллион 30 мың 739 адам бюллетеньдер алғаны тіркелген. Дауыс берген тұлғалар саны  68,44% -ды құрады. Референдумға қатысу бойынша   көшбасшы – Түркістан облысы  – 80,66%.  Алматыда 33,3%  адам дауыс берді.

Еліміз облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алған.Оның ішінде:

Ақмола облысы бойынша

-

73,81

%

Ақтөбе облысы бойынша

-

58,06

%

Алматы облысы бойынша

-

72,83

%

Атырау облысы бойынша

-

67,68

%

Батыс Қазақстан облысы бойынша

-

69,37

%

Жамбыл облысы бойынша

-

69,59

%

Қарағанды облысы бойынша

-

77,39

%

Қостанай облысы бойынша

-

72,28

%

Қызылорда облысы бойынша

-

79,89

%

Маңғыстау облысы бойынша

-

61,19

%

Павлодар облысы бойынша

-

75,53

%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

-

75,49

%

Түркістан облысы бойынша

-

80,66

%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

-

77,49

%

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

-

57,06

%

Алматы қаласы бойынша

-

33,30

%

Шымкент қаласы бойынша

-

72,53

%