«Береке» санкциялық тізімге ілікті

«Береке» санкциялық тізімге ілікті
Сурет: ашық дереккөз

«Береке» микроқаржы ұйымының қожайыны АҚШ-тың санкциялық тізіміне түсіп қалды.  

Ресейлік Экспобанк АҚШ қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне енді. Ал банктің қожайыны – Игорь Ким. Ол  біздің елдің кәсіпкері, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Оның иелігінде «Сейф-Ломбард» және «Береке» деген микроқаржы ұйымы бар. Осы «Береке» қаржы ұйымы банкке айналуға ұмтылыс жасап жатқан еді.

Бұрын Кимнің «ЭкспоКредит» деген банкі болған, кейін оны сатып жіберген-тін. Ал өзі жеке санкциядан құтылып кеткенін білеміз. 

Қазір реттеуші орган «Берекенің» банкке айналу өтінішін қарап жатыр. Жаңа банкке Safe Bank деген атау бермекші әрі оның бас кеңсесі Алматыда орналаспақ.