Алматыда жыл басынан 200 ден аса егіздер туылған

Алматыда жыл басынан 200 ден аса егіздер туылған Сурет: ашық дереккөз

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматының биылғы жылғы егіздері мен есімдерін саралап көрдік.


Жақында ғана Қазақстан халқы 20 миллионыншы тұрғынын қарсы алды. Бақытты сәтке Қазақстанның әр өңірінен сол сағат, сол минутта дүниеге келген сәбилер ілікті. Дәл сол сәтте туылған алматылықтар болмаса да, еліміздің демографиясының өсуіне айтарлықтай үлес қосқан аналарымыздың Алматыда да көп екеніне көзіміз жетті. Жыл басынан бері бүгінге дейін Алматыда дүниеге келген тек қана егіздердің өзі 217 жұпты құрайды екен. Арасында үшемдер де бар, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы аудандық АХАЖ бөлімдерінің берген мәліметінше, биылғы жылы егіздердің көшін 39 егізбен Бостандық ауданы, 38 егізбен Түрксіб және 31 егізбен Алатау ауданы бастап тұр. Одан кейін тізімді 31 егізбен – Алатау, 30 егізбен Медеу ауданы, 29 егізбен Алмалы ауданы жалғастырған. Тізімнің соңын 28 егізбен Әуезов, 13 егізбен Жетісу, 8 егіз 1 үшеммен Наурызбай ауданы аяқтап тұр.



«Бұл өте қуанарлық жағдай. Елімізде халық санының өсіп жатқаны – жақсы құбылыс. Талай нәубетті басынан өткеріп, өсу қарқыны бәсеңсіп қалған халқымыз, биыл 20 миллиондық межеге жетіп қуантып отыр. Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайына аса мән беріліп, аналардың да алаңсыз балалы болуына жағдайлар қарастырылып жатыр.Босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі жәрдемақылары өсті. Әрбір бала туылғанда берілетін жәрдемақылар да жыл сайын өсіп отыр.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер проактивті және композитті нұсқаларға көшірілді. Аналар көп  қызметтерді ХҚО-ға келмей-ақ онлайн алатын болды», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова. 



Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде егіз жігіттер мен егіз қыздардың қосылу жайттары да жиілеп келеді. Бұл жаман үрдіс емес, әлбетте. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында егіз жігіттер егіз қыздарға үйленген жайттар бар. Тіпті, Оңтүстік Қазақстан облысында 32 жыл бұрын егіз қыздарға үйленген егіз бауырлар тұрады екен. Олардың қай-қайсысы да өмірлеріне риза.


Әлемде 80 мыңға жуық егіз бар көрінеді. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын әлемде 1,6 миллион егіз туады екен. Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында екен. Дегенмен, Қазақстанның әрбір қалалары мен ауылдары жақсы көрсеткіш көрсетіп жатса, 48-орыннан жылжуымыз да ғажап емес.


Сондай-ақ, Алматының сәбилері иемденген есімдермен де бөліссек. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АХАТ бөлімдерінің берген мәліметінше, алматылықтардың көпшілігі балаларына қасиетті Исламдағы есімдерді таңдапты. Олардың қатарында  Мұхаммед, Аль-Мұхаммед, Ислам, Мұхаммедәли, Омар,  Абдрахман, Фатима, Раяна, Кәусар, Айша, Медина, Ясина болса, көп кездесетін есімдер қатарында тарихи тұлғалар мен қайраткерлер есімдері де бар. Мәселен, Абылайхан, Қазбек, Әбілхайыр, Кенесары, Әлихан,  Әміре, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт, Хан, Айғаным, Бөрте, Зере, Томирис және т.б. Сонымен қатар, Алдияр, Айсұлтан, Алинұр, Нұрали, Алияр, Аион, Айлин, Інжу , Маржан, Асылым, Марьям, София, Аяла сынды қазіргі заманғы есімдерді де бірқатар ата-аналар таңдаған.



«Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Балалардың дүниеге келуі теңдесі жоқ қуаныш әкеледі және олармен байланысты барлық қиындықтар біртіндеп ұмытылады. Оның үстіне бір емес, егіз сәби дүниеге келіп жатса, өзің және туған-туыстар үшін де қуаныш еселене түседі екен», - дейді жай ғана ана бақытымен бөліскен Динара Абдукаримова.



Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласында 29 560 бала дүниеге келді.  Оның 15 251 - ұл, 14 309 - қыз. Олардың 435 бала егіз туылған - 216 жұбы егіз, 1-і үшем. Алматы үшін тамыз айы нәрестелердің көп туылуымен ерекшеленді. Бұл айда 3310 бала өмір есігін ашқан.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38