Белсенді сайлаушыларға сыйлық бар

Белсенді сайлаушыларға сыйлық бар
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Алатау ауданында сайлаушыларға арнайы сыйлықтар беріліп жатыр.

Сайлау учаскесінде кәмелет жасына толып, алғаш рет дауыс бергелі отырған еліміздің жас азаматтары да, жайсыз ауа райына қарамастан, дауыс беруге келген қариялар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға да тарту-таралғылар жасалды.

«Бұл - біздің азаматтық борышымыз. Біз еліміздің болашағына үлкен сенім артамыз», - дейді бүгін ауа райы күрт бұзылғанына қарамай, дауыс беруге келген Алатау тұрғыны Жанболат Темірғалиев.

Жалпы, ауданның сайлау учаскелерінде отбасымен келген дауыс берушілерге де арнайы сыйлықтар қарастырылған. Олардың алғашқылары тұрғындарға беріліп те үлгерді. Аудан бойынша осындай барлығы 20-ға жуық сыйлық беріледі.

Айта кеткен жөн, әрбір сәтті дауыс берген жүздікті толықтыратын сайлаушыларға да (100-ші, 200-ші және т.б) арнайы дайындалған сыйлықтар бар.