Сайлау жаңа жетістіктерге жол ашады

Сайлау жаңа жетістіктерге жол ашады
almaty-akshamy.kz

Махинур Исраилова, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы:

 Сайлау – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды және жауапты сәт. Өзім 1993 жылдан бері 30 жыл бойы сайлау комиссиясының құрамында болдым. Қазақстандағы көптеген тарихи маңызды оқиғалардың куәсі болдым деуге болады.

Депутаттардың кезектен тыс сайлауы бұл жолы ерекше түрде өткізіліп отыр. Осы жолы нақты нәтижеге жететінімізді атап өткім келеді. Біздің алдымызда үлкен таңдау бар. Әркімнің жеңісі әділ болатынына және ең бастысы жаңа жетістіктерге бастама беретініне сенімдімін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, белсенді азаматтық ұстанымы бар адам және өз елімнің патриоты ретінде сайлауға қатысып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім.