Дауыс беру қызу өтіп жатыр

Дауыс беру қызу өтіп жатыр
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Наурызбай ауданында сайлаушыларға арнайы сыйлықтар беріліп жатыр.

№42 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға және сайлауға бірінші рет келген сайлаушыға естелік сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, №25 сайлау учаскесіне келген ең егде жастағы аудан тұрғынына сыйлық табысталды.

Жалпы ауданның сайлау учаскелерінде отбасымен келген дауыс берушілерге де арнайы сыйлықтар қарастырылған. Олардың алғашқылары тұрғындарға беріліп те үлгерді. Аудан бойынша осындай барлығы 12 сыйлық беріледі.

Айта кеткен жөн, әрбір сәтті дауыс берген жүздікті толықтыратын сайлаушыларға да (100-ші, 200-ші және т.б) арнайы дайындалған сыйлықтар бар.