Алғаш рет дауыс бердім

Алғаш рет дауыс бердім
almaty-akshamy.kz

Биыл 18 жасқа толған Сержан Бауыржанұлы ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіріп, алғаш рет дауыс берді. Ол бүгін Абай даңғылы 85/105 мекенжайында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясының ғимаратындағы №75 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

– Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 1 курсында оқимын. Бүгін мен үшін ерекше күн. Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауымды жасап, алғаш рет дауыс бердім. Бұл қадамымды еліміздің дамуын қалыптастыруға қосқан үлесім деп білемін, – дейді жас сайлаушы.