Ресейде жүрген қазақстандықтар 30 қыркүйекке дейін осы елде жүргенін заңдастыруы керек

Ресейде жүрген қазақстандықтар 30 қыркүйекке дейін осы елде жүргенін заңдастыруы керек
Сурет: Migranturus.com

Ресейде уақытша тіркеу мерзімінің аяқталуы құқық бұзушылық болып саналады.

Ресми Мәскеу талаптары бойынша, Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясында болуын заңдастыру шараларын қабылдауы керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ресей Федерациясы Президентінің 15.06.2021 жылғы №364 Жарлығына сәйкес, Ресейдегі шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясында болуын заңдастыру шараларын қабылдауы керек», – делінген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің консулдық бөлімінің хабарламасында.

Ресейде уақытша тіркеу мерзімінің аяқталуы құқық бұзушылық болып саналады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда азаматтарға жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Ресейде болуды заңды түрде ұзартудан бас тартқан және елден кеткісі келмеген жағдайда, азаматтарға қайтып кіру құқығысыз Ресейден күштеп шығару шарасы қолданылуы мүмкін.