Алматы полицейлері КВИ таралуын болдырмау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Алматы полицейлері КВИ таралуын болдырмау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Сурет: Polisia.kz

Полиция сақшыларының 98% астамы екпе алған.

Алматыда полиция қызметкерлері арасында коронавирус індеті таралмас үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, коронавирустық инфекциямен күресудің алғашқы қадамы ерікті вакцинация болды. Оны тәртіп сақшылар ағымдағы жылдың наурыз айында бірінші болып қабылдады. Бүгінгі күні полиция департаменті қызметкерлерінің 98%-дан астамы вакцинаның екі компонентін де алып үлгерген.

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ережелерін сақтау бойынша алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілерінде өзін қалай ұстау керектігі туралы толық нұсқаулық бар арнайы ақпараттық плакаттар әзірленді. Сондай-ақ COVID-19 таралуын болдырмау үшін ғимаратқа кіре берісте Ashyq арнайы қосымшасының QR кодтары орнатылды.

Сонымен қатар әкімшілік ғимараттардың кіреберісінде дене температурасын өлшейтін және жалпы жағдайды тексеретін медициналық қызметкерлер тұрады, аудандық бөлімшелерде осы инфекцияның алғашқы белгілерінде жүгінгендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілетін медициналық кабинеттер бар.