Бельгияда шеруге шыққан жұрт жаһан басшыларына талап қойды

Бельгияда шеруге  шыққан жұрт жаһан басшыларына талап қойды
Сурет: Eurointegration.com.ua

Бельгия астанасы Брюссельде климаттың өзгеруіне қарсы шеру өтті.

Полицияның мәліметінше, шараға 20 мыңнан астам адам қатысқан. Экологиялық ұйымдар наразылық акциясын климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Дубайда өтіп жатқан конференциясына байланысты ұйымдастырды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жұрт жаһан көшбасшыларынан ғаламдық жылынуды тоқтатуға қатысты нақты шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ғаламдық жылыну су тасқынына әкеле ме деп қорқамын. Дубайдағы шараға жиналған әлем көшбасшылары климаттың өзгеруіне қарсы мойындарына алған міндетеммелерін орындауы тиіс», - деді шеруге қатысушы Агнесса Пери. 

«Біз биліктегілерден қыста тоңбайтындай үйлерімізді жақсылап қаптауды, қоғамдық көліктерді жетілдіруді, қоршаған ортаны ластауды азайтып, ауаны тазартуға басымдық беруді талап етеміз», - дейді климаттық коалицияның президенті Николас Ван Нуфель.