Банкроттығы бар азаматтың қаржылық жағдайы бақыланады

Банкроттығы бар азаматтың қаржылық жағдайы бақыланады
Сурет: Вaq.kz

Қаржы мониторингі заңнамада көрсетілген.

Банкроттығы бар азаматтың қаржы жағдайы қалай бақыланатынын Қаржы вице-министрі айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қаржы мониторингі заңнамада көрсетілген. Соған сай үш жыл бойы мониторинг жүргізіледі", - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Параграф» ақпараттық жүйесі өткізген конференцияда.

Бұр ретте тікелей сотқа жүгінбей, кредиторға хабар берілетіні айтылды.

"Бұл мәселені кредитор арқылы реттейміз. Ал кредитор өз тарапынан бақылау жүргізе алады", - деп қосты Қаржы вице-министрі.