Бір айдан кейін еліміз мұнай өндірісін қысқартады

Бір айдан кейін еліміз мұнай өндірісін қысқартады
Сурет: Ult.kz

Яғни, мамырдан бастап қара алтын өндірісі азаяды.

Энергетика министрлігінің дерегінше, бұл шара ерікті, ал өндірісті қысқарту осы жылдың соңына дейін жалғасады. Бастама "ОПЕК +"-ке мүше басқа елдерімен бірге жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл қысқарту - ұйымның былтыр 5 қазанда өткен 33 министрліктің кездесуінде қабылданған шешімге қосымша ескерту шарасы. Алайда ерікті бастаманың бюджетке және Ұлттық қорға салмақ түсірмей қоймасы анық. 

Айта кетейік, Үкімет Ұлттық қордан биыл қосымша 800 млрд теңге алуды жоспарлап отыр.