Алматыда адам ұрлаушылар ұсталды

Алматыда адам ұрлаушылар ұсталды Сурет: 4s-info.ru

Алматы полицейлері адам ұрлаудың жолын кесті.


Қылмыс кеше кешкісін қаланың Алмалы ауданында орын алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«ЖБО жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түсті. Қала бойынша арнайы “Перехват” жоспары енгізілді. Аталған көлік Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаева мен Жетісу көшелерінің қиылысында жауып тастады. Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, ол аталған көліктің иесі екендігі белгілі болды. Күдіктілер жедел тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеев.



Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі оларды ірі көлемдегі ақшаға алдап кеткен. Осылайша, олар қарызды қайтарып алмақ болды. Ал жәбірленуші керісінше айтып отыр, оны құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24