Балаларды азаптаған күдікті ұсталды

Балаларды азаптаған күдікті ұсталды
Сурет: Instagram/baurzhan__alenov

Алматы облысында арнайы операция өтті. Тәртіп сақшылары балаларды азаптаған күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан түсірілген кадрларды облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов жариялады.

Полиция басшысы күдіктінің қамауға алынғанын айтты.

"Қазіргі уақытта ол аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полиция басшысы Бауыржан Әленов

Ұстау операциясы Алматы облысының Қарасай ауданында өтті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-баптың ережелеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.