WhatsApp желісінде ақау шықты

WhatsApp желісінде ақау шықты
Сурет: Qazaqstan.tv

Әлем бойынша WhatsApp желісінде ақау шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Downdetector сайтындағы мәліметке сүйенсек, мессенджерде ақау Астана уақытымен сағат 13.00-ге қарай басталды. Қазір WhatsApp арқылы хабарлама жіберу және оны қабылдау мүмкін емес.

Downdetector сайтында мессенджер жұмысына шағымданушылар саны (қазіргі уақытта 3842 пайдаланушы) артып келеді.