Ресейге барған қазақстандықтар саусақ ізін тапсырады

Ресейге барған қазақстандықтар саусақ ізін тапсырады
Сурет: Qazaqtv.com

Ресей аумағында 3 айдан астам уақыт болған қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруы керек

Көрші елге келген әрбір шетелдік азамат дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттеліп, 90 күн бойы суретке түсіріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ресейге еңбек қызметі мақсатында барған жағдайда, жоғарыда аталған рәсімдер келген күннен бастап 30 күннің ішінде аяқталуы тиіс. Ол үшін ең алдымен Ішкі істер министрлігінің аумақтық басқармасына немесе оған бағынышты өкілетті ұйымға жүгіну қажет. Кейін «барлық тиісті үрдістен өтті» деген құжат беріледі. Сонымен қатар Ресей Федерациясына кірген сырт ел азаматтарына есірткіге тәуелділік пен инфекциялардың, ФИЧ-тің жоқтығын растау қажет.