Доллардың бағасы төмендеді

Доллардың бағасы төмендеді
Сурет: Еgemen.kz

460 теңгеге дейін.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап құлдырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасының мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі саудадағы қорытынды бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,75 теңгеге төмендеп, 460,62 теңге болды. Сонымен, доллардың 27 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 462,73 теңге, сату – 467,00 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 461,72 теңгеден сатып алынып, 464,79 теңгеден сатылып жатыр.