Қазақстандық студент автотұраққа арналған радар жасады

Қазақстандық студент автотұраққа арналған радар жасады
Сурет: С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі

Parktronic кедергілерді оңай байқайды.

Шығыс Қазақстан университетінің студенті Әділет Амангелдин тұрақ радарын жасап шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл құрылғыны жасау үшін «Информатика» мамандығының 2-курс магистранты Әділет жарты жыл уақытын жұмсаған. Тұрақ сенсорлары құрылғысы автомобильге арналған ультрадыбыстық сенсор арқылы жасалған.

«Көптеген автокөлік әуесқойлары тұрақ радарын жақсы біледі. Өйткені ол - автотұрақты, қоқыс жәшігін, биік жолды немесе тасталған жүкті анықтауға арналған белсенді жүргізушіге көмек көрсету жүйесі. Parktronic кедергілерді оңай байқайды және жүргізушіге дереу ескертеді», - дейді университет мамандары.

Студенттің айтуынша, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алған тиімдірек.