Алматыда апаттық жағдай туындатқандар жауапқа тартылды

Алматыда апаттық жағдай туындатқандар жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда апаттық жағдайды туындатқан кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды.

Полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында жол ережесін бұзудың өрескел деректерін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Осы кезеңде төрт көліктің жүргізушілері анықталды және жауапкершілікке тартылды. Олар – Lada көлігінің жүргізушісі, Д.есімді азамат (ҚР ӘҚБтК-нің 535-бабы 1-бөлігі), Hyundai көлігінің жүргізушісі, Ж.есімді азамат, (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі), Lada көлігінің жүргізушісі, К.есімді азамат, (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі) және Lada автокөлігінің жүргізушісі К.есімді азамат, (ҚР ӘҚБтК-нің 535-бабы 1-бөлігі). Тексеру шаралары жалғасып жатыр. Оның нәтижесінде басқа тәртіп бұзушыларға шара қолданылады», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.