Бір тәулікте 651 алматылық КВИ инфекциясын жұқтырған

Бір тәулікте 651 алматылық КВИ инфекциясын жұқтырған
Сурет: 24.kz

Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандардың соңғы тәуліктегі саны - 3 081 адам.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 854 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram парақшасының мәліметінше, Қазақстанда ПТР тестінің оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 081 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 854 742 жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 338

Алматы қаласында – 651

Шымкент қаласында – 102

Ақмола облысында – 170

Ақтөбе облысында – 224

Алматы облысында – 252

Атырау облысында – 98

Шығыс Қазақстан облысында – 114

Жамбыл облысында – 71

Батыс Қазақстан облысында -103

Қарағанды облысында – 392

Қостанай облысында – 140

Қызылорда облысында – 64

Маңғыстау облысында – 40

Павлодар облысында – 198

Солтүстік Қазақстан облысында – 72

Түркістан облысында - 52.