Айбек Оралбай Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

Айбек Оралбай Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 92 келіде Азия чемпионы Айбек Оралбай өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ол 1/4 финалда Жамар Таллейді (АҚШ) барлық раундта сенімді түрде  ұтты. Осылайша Олимпиадада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасында бұл салмақта Василий Левит бақ сынаған еді.