Астанада өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысып қалды

Астанада өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысып қалды
Сурет: скрин

Полицейлер жанкүйерлер арасындағы қақтығысты дер кезінде шешті

Елордада аралас жекпе-жектен өткен турнир барысында жанкүйерлер өзара қақтығысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтанда Хабиб Нурмагомедов лигасының турнирінде полицейлер жанкүйерлер арасындағы қақтығысты дер кезінде шешті. Оқиға қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, аталған жекпе-жек турнирінде жерлесіміз Кирилл Геккель төрешілердің шешімімен ресейлік Израиль Гаджиагаевқа есе жіберген еді.

Сондай-ақ, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов ресейлік Чармигула Сиражудиновтен басым түсіп, жеңіске жетті.

Қазақстандық жекпе-жек шеберлерінің жеңісі жалғасын тауып Әли Қабдолла аталған турнирде тұншықтыру әдісі арқылы ресейлік Валерий Грицутиннен басым түсті.

Одан бөлек, Хабиб Нурмагомедов турнирінде жеңіске жеткен жерлесіміз Санжар Әділов болашақ мақсаты туралы айтып берді.