Астанада джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 3-ші орын алды

Астанада джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 3-ші орын алды
Сурет: t.me/askhat_oralov_online

Астанада джиу-джитсудан ұлдар мен қыздар (U14), жасөспірімдер мен қыздар (U16), кадеттер (U18), жастар (U21) арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Jekpe-Jek» сарайында өткен чемпионатта әлемнің 42 елінен 1207 спортшылар өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы атынан 194 спортшы ел намысын қорғады. Қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеде 13 алтын, 19 күміс, 37 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 3 орын алды.

Бүгінгі таңда ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы жоспарлы түрде Жазғы Азия ойындарына (Ханчжоу) қарқынды дайындық үстінде.

Жазғы Азия ойындарына ұлттық құрамадан ерлер 4 салмақта (62, 69, 77, 85) және әйелдер 4 салмақта (48, 52, 57, 63) өнер көрсететін болады.

photo
photo
photo
photo
photo